Үй салайық-өмір сүреміз!

Павлодар көлік және коммуникациялар колледжінде студенттерге арналған 200 орындық жатақхана құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстарын мердігер "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" ММ тапсырысы бойынша "Портал - ПВ"ЖШС (басшысы М. С. Ичиев) жүргізеді. Жатақхана құрылысына барлығы 663 400 640,00 тнг бөлінетін болады.

Жатақхана жобасы керамогранитпен қапталған бес қабатты ғимарат. Цокольдық қабатта жаттығу бөлмесі мен киім шешетін бөлмесі бар жаттығу залы, 32 орынға арналған буфет, хореография залы, кір жуу бөлмесі орналасады. Студенттердің тұруы үшін жиһазбен және жеке санитарлық тораппен 2 адамға арналған бөлмелер ұсынылады. Бұдан басқа, әрбір қабатта жууға және кептіруге арналған жеке үй – жай, бірінші қабатта-демалыс бөлмесі, 2 адамға арналған жеке кіретін есігі бар изолятор орналастырылады.

Басқа қаладан келген студенттер 2020 жылы жаңа бөлмелерге қоныстана алады деп жоспарлануда.