Тәуелсіздік күніне арналады: теннис

2018 ж. 10 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында және спорт апталығы аясында Павлодар көлік және коммуникациялар колледжінің студенттері мен оқытушылары арасында үстел теннисінен жарыс өтті.

Екі сағат ішінде төрт топқа бөлінген қатысушылардан  мықты спортшыларды анықтады.

 

  

 

Қызықты ойын нәтижесінде колледж студенті Тайкенов Бейбарыс колледж чемпионы атанды. (ПМТ249). Екінші орынды Насрединов Канат (В327), үшінші жүлделі орынды Елтай Махаббат (В327) иеленді.ОП228). Оқытушылар арасында дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Терехова Людмила Викторовна үздік теннисші болып танылды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз, жаңа жетістіктер тілейміз!