Тілдер онкүндігі

9 қыркүйекте Қазақстан халқы тілдері күні аясында Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінде "Тіл-ел байлығы" тақырыбында үздік эссе байқауы өтті.  Хұттымбек Е., Губерт Д., Богданов И. студенттердің эсселері мақтау қағаздарымен марапатталды.

Жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы Баяхметова Каирпан Сайлаубайқызы 16 қыркүйек күні " Тіл туралы оқулар "атты іс-шара ұйымдастырып, өткізді. Бұл байқау Тіл туралы өлеңдерді жатқа айтып, студенттеріміздің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтауға мүмкіндік берді. Байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орынды П119 тобының студенті Қуанышбек Бақболсын, екінші орынды ПМЭ119 тобының студенті Бекмағамбетов Айқын, үшінші орынды ПМЭ119 тобының студенті Жақсылық Мейрам иеленді.

Осындай іс-шаралар тілге құрметпен қарауға, тіл мәдениетіне ұмтылуға бағытталған. 

Колледжде 27 қыркүйек күні А218,С218 және ПМЭ - 252 топтарының студенттері үшін "Бір ел ,бір тіл" атты конференция өтті.

Іс-шараны жалпы білім беру пәндерінің оқытушылары Егімбаева Ш. С. және Баяхметова К. С. өткізді. Конференцияны жүргізушілер Подтихов Максим және Бейсекеев Айдар ашты. Тілдер онкүндігі аясында өткізілген іс-шара Қазақстанның барлық халықтарына деген құрмет пен толеранттылықты тәрбиелеуге бағытталған.

Конференция Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен аяқталды.