Балаларға мейрам сыйлаймыз

Қыс мерекесі қарсаңында көптен бері қалыптасқан дәстүр бойынша Аяз Ата мен Ақшақар қалалық балалар үйінің балаларына сыйлықтар беріп, ПКжКК Жастар ісі жөніндегі комитетінің атынан келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.

Студенттер балаларға арналған түрлі-түсті костюмдік бағдарлама ұйымдастырды, шыршаның айналасында хоровод жүргізді және сыйлықтар берді. Балалардың бақытты жүздері балбұл жанып, келгендеріне қуанышты екендерін білдірді. Кейде басқа адамды бақытты ету үшін жүректің жылуы мен сәл көңіл бөлуі қажет.

Жаңа жыл қарсаңында әрқайсымыз керемет жасай алатынымызға сену оңай. Қымбатты достар, келешектегі кереметтерге үміттеніп, жыл өткен сайын жылу мен мейірімділікті әкелейік!