Жақсылар жүр арамызда

Өрт жалынынан аман қалса да, үй-күйлерінен айрылған екі қарт Коваль Сергей мен Лидия сол күні паналайтын жері жоқ боп далада қалған болатын. Олардың ауыр жағдайын көріп көлік тауып, өз отбасына әкеліп ғаріп жандарды орналастырып, барымен бөлісіп, қол ұшын берген жан біздің арамыздан табылды. Ол –Айгазинов Халил Иренгаевич ұстазымыз. Халил Иринғаевич-өте қайырымды, досқа да, жақынға да адал әрі бауырмал адам.  Қарияларды өзінің ата-анасындай көріп, жағдайларын толық жасағанша барын салып көмектесті. Қазақ халқында «Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды, кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды» деген дана сөзі бар.  Сондықтан да ұстазымыздың  мейірімділігі мен қайырымдылығы,  жанашырлық көрсеткен үлкен жүрегі  үшін де мақтан етеміз. Бәріміздің бойымызда осындай жақсылықтарымыз көбейіп,  тек мейірімділікке ұмтылайық, ағайын!