«Ақ-ару, ер-сұлтан»

Колледжде  «Наурыз мейрамы» мерекесіне орай студенттер  арасында «Ақ-ару, ер-сұлтан» атты байқау өткізілді. Байқау идеясы ретінде ұйымдастырушылар ескі қазақ мақал-мәтеліне «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа» жүгінді.

   

Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу болды.

Әр бөлімнің намысын таңдаған жас жігіт пен қыздар қорғады:

1.Айтмагамбет Мирас – Тугаева Сания - «Жол және вогон шаруашылығы» бөлімінен
2.Галымжан  Айзат – Карибаева Алтынай «Радиоэлектроника и байланыс» бөлімінен
3.Ерлан Баглан – Ахметжанова Махаббат «Электрондық есептеу техникасы мен бағдарламамен қамтамасыз ету» бөлімінен
4.Алиев Адиль  – Рахимова Мариям – «Кәсіптік білім беру» бөлімінен
 
Сайыскерлер  5 кезең бойынша сынға түсті:
- «Өзін -өзі таныстыру» (монолог немесе  қара өлеңмен )
- «Білгенге  маржан»(викторина сұрақтарына жауап беру). Сөйлеу мәдениетіне, шешендігіне, салт-дәстүрді жетік білуіне көңіл аудару.
- «Қыздар ұлттық киім үлгісін көрсетеді; ұлдар 16 килограмдық гирь көтереді».
- «Қолөнер»(Қатысушылар үйден дайындап әкелген бұйымдарының қалай жасалғанын бейне таспаға  жазып, дайын болған бұйымды әділқазылар алқасына көрсетеді).
 
 
- «Өз өнерін көрсету»(ән немесе би).                                                                             

 Көрермендер әдемі биші қыздарды, шебер шеберлерді, болашақ ошақ қорғаушыларын, жас ақындарды, суретшілерді, күш – жігерді сезіммен қолдады.

Байқау жеңімпаздары анықталды:
- Көрермен көзайымы» номинациясын Айтмагамбет Мирас пен Тугаева Санияиеленді, 
- «Қолөнер шебері»номинациясын Галымжан  Айзат  пен Карибаева Алтынай,
- «Өнер қырандары» номинациясын Ерлан Баглан мен  Ахметжанова Махаббат,
- «Жүзден жүйрік...» номинациясын Алиев Адиль  мен  Рахимова Мариям  иеленді.
- Барлық қатысушылар алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
 

Қорытынды жасай отырып, біз осы іс – шараны ұйымдастырған оқытушыларға-Ш. М. Ахметова, Қ. Ж. Жәния, Д. Е. Ержановаға алғысымызды білдіреміз.

Наурыз жырын жырлаймыз,
Онымен де тұрмаймыз.
Шындалып жеткен бұл күнге
Ел дәстүрін сыйлаймыз!
 

Ұрпақтар сабақтастығын жалғастыра отырып, алақанның бес саусағы ретінде, бір отбасының балалары ретінде біз қазақ халқының ынтымағын, салт-дәстүрін сақтап, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тиіспіз.

Сіздерге зор денсаулық, бақыт, бейбітшілік пен амандық тілейміз. Наурыз құтты болсын!