Digital Kazakhstan

Digital Kazakhstan – бұл Қазақстан экономикасын дамыту қарқынын
жеделдетуге және біздің азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға арналған бағдарлама.

Бағдарлама жобаларының бағыттары:

Ел экономикасының басты салаларында цифрлық технологияларды әзірлеу, енгізу және дамыту.

Қазақстандықтарға интернетке және 4G (болашақта 5G) мобильді байланысына барлық жерден кең жолақты қолжетімділік ұсынатын инфокоммуникациялық инфрақұрылымды кеңейту.

Онлайн ұсынылатын мемқызметтердің сапасын жақсарту мен санын арттыру. Бұл бюрократия мен жемқорлықты төмендетуге, сондай-ақ меморгандарды неғұрлым тиімді және ашық етуге мүмкіндік береді.

Электрондық коммерцияны дамытуға белсенді ықпал ету арқылы кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер мен қолайлы жағдайлар жасау.

Отандық ІТ-секторды дамытуға, сондай-ақ Қазақстандағы білім беру мен денсаулық сақтау сапасын арттыруға ықпал ететін, халықтың жалпы цифрлық сауаттылығын арттыру.

Бағдарламаның басты бес бағыты және олардың міндеттері:

1. Экономика салаларын цифрландыру
2. Цифрлық мемлекетке өту
3. Цифрлық Жібек жолын іске асыру
4. Адами капиталды дамыту
5. Инновациялық экожүйені құру

 

Экономика салаларын цифрландыру:
- Өнеркәсіпті және электр энергетикасын цифрландыру
- Көлік пен логистиканы цифрландыру
- Ауыл шаруашылығын цифрландыру
- Электрондық сауданы дамыту
- Қаржылық технологиялар мен қолма-қол ақшасыз төлемдерді.
 

 Бағдарламаның толық мәтіні  мына жерде.