E-learning

Е-learning — электронды оқыту жүйесі, ЭОЖ. Ол – ауқымды мемлекеттік жоба, Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдардағы білім берудідамытудың мемлекеттік бағдарламасы енгізілген, оның басты міндеті білім беру саласында цифрлық технологияларды пайдаланудан тұрады.

Жобаның басты мақсаты - білім беру үрдісіндегі барлық қатысушылардың жақсы білім алу қорларына және технологияларға бірдей қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады.

Электронды оқыту жүйесінің құрамдары келесіні құрайды:

Оқу үрдісін басқару (топтардың жұмыс жоспарларын, кестені құрастыру, үлгерімі бойынша есептерді алу), оқушылардың электронды журналдары мен күнделіктері, цифрлық білім беретін қорлардың ктіапханасы, кадрлық әлеуетті басқару (оқытушылар туралы ақпарат), білім беретін мекемелер жөніндегі ақпарттық порталды құрайды.

Оқу үрдісінде электронды оқыту жүйесін пайалану бірқатар ерекшеліктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Педагогтарға :
Әр ұстаз немесе оқытушы электронды күнделіктер мен журналдарға тек қана баға қоймайды, сонымен қатар әр оқушының үлгерімін бақылай алады, қажетті есептерді ала алады.

Әкімшілікке:
Нормативтік-құқықтық базаны жүргізуге, есептер мен құжаттамаларды әзірлеуге, қыметкерлердің кадрлық тіркеулерін, сабақ кестесінің әзірлемесін  - осының бәрін автоматтандыруға, жақсартуға және жеделдетуге болады.

Оқушыларға:
e-Learning оқуда жақсы жетістіктерге жету үшін барлық қажетті модульдар мен жүйелердің барлығы бар.

Ата-аналарға:
Өзінің баласының сабақ үлгерімі және сабаққа қатысуы туралы анық ақпаратты жедел түрде алуға мүмкіндік береді.

Басқарма органдарына :
Білім беру саласының жағдайы туралы статистикалық есептерді жедел түрде алуға қолайлы жағдай туғызады. Әртүрлі аспекттегі саланың даму қарқынын қарастыру және аналитикалық іріктеу жасауға мүмкіндік береді; бірлескен порталдың жұмыс істеуі.

Колледжге 2013 жылдың қаңтар айында электронды оқыту жүйесі енгізілді (электронды оқыту жүйесін енгізудің 21.01.2013 ж күнгі хаттамасына сәйкес).

Материалдық база жалпы сомасы 19 824 713 теңге болатын жабдықтармен  толықтырылды, оның ішінде:
1) компьютерлік техника: дербес компьютерлер, ноутбуктер, сервер;
2) мультимедилық және интерактивті жабдықтар;
3) көшірме  техника;
4) активті желілі жабдықтар;
5) кабинеттерге арналған жиһаздар.

Жоғары аталған техниканың қойылғаны бухгалтерлік құжаттармен сәйкес келетіні дәлелденді. Жабдықтарды орналастыру және құрастыруды орындау бекітілген құжаттардың регламенттеріне сай орындалды.

Компьютерлерге НИТ АҚ мамандары – Microsoft Windows 7 Professional SP2, Microsoft Office 2010, JoyClass – лицензиялық бағдарламалық қаматамсыздандыруды орналастырды.

«Zhetisu Network Technologies» ЖШС мамандары оптоталшықты тізбек бойынша Интернетке қосу арқылы жергілікті есептеуіш желіні өрбітудің және Windows Server 2008 лицензиялық бағдарламалық қаматамсыздандыруы бар серверлік жабдықтарды баптау және орнату жұмыстарын жүргізді. Желілік жабдықтарды орнату, баптау және құрастыру бойынша жүргізілген барлық жұмыстар бекітілген графикке сай белгіленген мерзімін жүргізілді және пайдалануға енгізу акттерімен дәлелденді.

Қазіргі уақытта электронды оқыту жүйесінің жұмысына педагогикалық қызметкрелердің, әкімшіліктің, қзыметкерлердің және колледж оқушыларының 100% жұмылдырылды.

Электронды оқыту жүйесіне мына  жерден өтіп қарауға болады.