МБЖЖ бағдарламасы

Қазақстандықтарда мемлекеттен пайыздық бонустар ала отырып балаларын оқытуға қаржы жинаудың жаңа тетігі бар


         2013 жылдан бастап Қазақстанда Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) іске қосылды. 

Жүйе Қазақстан Республикасының әрбір азаматына өзінің немесе баласының атына келешекте Қазақстан мен шетел колледждерінде және ЖОО-ларында оқудың ақысын төлеу үшін жұмсауға болатын білім беру жинақтау салымын ашуға мүмкіндік береді. «Қаржы орталығы» АҚ осы жүйенің операторы болып табылады.

 Бүгінгі таңда жүйе бойынша 16 000-ға жуық білім беру жинақтау салымы ашылды.


         Білім беру жинақтау салымына МБЖЖ-ға қатысушы банктен ай сайын жылдық 14% (ЖТМ – 15,2%)  мөлшерінде сыйақы мен жыл сайын 5% немесе 7% (басымдылықты санаттағылар үшін) мөлшерінде мемлекеттен сыйлықақы есептеледі:        

 Білім беру жинақтау салымының ерекшелігі:

  • Табыс түрі ретінде мемлекет сыйлықақысына салық төленбейді;
  • Білім беру жинақтау салымдары 10 млн.теңгеге дейін Қазақстандық салымдарды кепілдендіру қорының нысаны болып табылады;
  • Минималды бастапқы жарна – 3АЕК (2016ж. 6 363 теңге);
  • Жинақтау мерзімі – 20 жылға дейін;
  • Мемлекет атынан ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ-ның 100% кепіл болуымен банктен білім беру кредитін алуға мүмкіндік бар.

 

Білім грантын иеленген жағдайдағы салымшының құқықтары:

  • жинақты есептелген мемлекет сыйлықақысымен бірге алу;
  • ақшаны басқа баланың атына аудару;
  • білімнің басқа деңгейлерін алу үшін жинақтауды жалғастыру

Мемлекет сыйлықақысы мен банктің сыйақысы капиталға айналады және салым бойынша табыстылық 22,2% дейін жетеді. Осының арқасында салымшы білім беру қызметін сатып алу кезінде 40-60% дейін ақшасын үнемдейді.

Білім беру жинақтау салымын ашу үшін мыналар қажет: 

1-қадам – МБЖЖ-ға қатысушы банктердің бірін таңдау.  
2-қадам–  Білім беру жинақтау салымын ашу.  
3-қадамБастапқы жарнаны салу.

 Құжаттар:

-  жеке куәлігі;
- баланың туу туралы куәлігі және ЖСН.

Кеңес алу үшін "Қаржы орталығы" АҚ-ға хабарласыңыздар:

Тегін жедел желі: 8 800 080 28 28. Тел.: 8 7172 695 044, 695 045, 695 047
Мекенжайы: Астанақ., Тәуелсіздік даңғ., 8