Колледжге қабылдау ережелері

ПАВЛОДАР КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР
КОЛЛЕДЖІНЕ  2018-2019 ОҚУ  ЖЫЛЫНА ОҚУҒА
ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

1. Жалпы ережелер
1. Осы Павлодар көлік және коммуникациялар колледжіне 2018-2019 оқу жылына қабылдау ережесі 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» ҚР Заңына(2016 жылғы 9 сәуірдегі  өзгерістер мен толықтырулар) «ҚР орта кәсіптік оқу орындарына және қабылдаудың Типтік қабылдау ережесі негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130 бұйрығына,мемлекеттік қызмет көрсету регламенті «Білім беру бағдарламасы бойынша техникалық және кәсіби білім  мамандарын даярлауды жүзеге асыруда білім мекемелеріне қабылдау», ҚР Үкіметінің «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың             2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы»  қаулысына, «Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 35 бұйрығына,  2015 жылдың 28 мамыр айындағы Павлодар облысы бойынша әкімдіктің бекітілген №153/5 қаулысына сәйкес жасалды.
2. Павлодар көлік және коммуникациялар колледжіне оқуға:
- Қазақстан Республикасының заңында бекітілген, Қазақстан Республикасының негізгі және орта білімі бар және  бастапқы кәсіптік, техникалық, жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар, Қазақстан Республикасының азаматтары.Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын азаматтар, сондай-ақ шетел азаматтары және тәртіп бойынша азаматтығы жоқ азаматтар қабылданады.
Конкурстық негізде мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес ақысыз техникалық және кәсіптік білім, егерде білімді алғашқы рет алатын болса, онда Қазақстан Республикасында  тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы бар және азаматтығы жоқ тұлғаларға беріледі.
3.  Павлодар көлік және коммуникациялар колледжіне оқуға түсу үшін ҚР БҒМ 2012 жылғы 28 ақпандағы №264 «Техникалық және  кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары   білім берудің  кәсіптік  білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын, білім беру  ұйымдарына  оқуға  түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін  бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің оқуға қабылдау туралы бекіткен квотасына сәйкес оқуға қабылдау квотасын бекітеді:
- І,ІІ  топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек- балалар үшін – 1 пайыз;
- Соғыс мүгедегіне және соғысқа қатысушы жеңілдіктеріне теңестірілген адамдар – 0,5 пайыз;
- ауылдың әлеуметтік-экономикасын дамытуды анықтайтын, мамандықтар бойынша ауыл (селолық) жастарының қатарындағы, азаматтар – 30 пайыз;
- Қазақстан Республикасының азаматы болмайтын, қазақ азаматтары – 2 пайыз,
- Жетім балаларға және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін- 1пайыз.
4. Техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіби,  орта кәсіби), жоғары (жоғары кәсіби) білімі бар азаматтар колледжге оқуға түсуге тапсыратын емтихан түрі – тестілеу.
5. Қабылдау төменгі мамандықтар бойынша жүргізіледі:
- мамандықтарбойынша
140900  0 "Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы"
(140905 3 құрылысшы-техник)- оқу мемлекеттік тілде жүргізіледі;
110800  0 "Теміржолдар жылжымалы құрамына қызмет көрсету, пайдалану және жөндеу" (110821 3 электромеханик)
130600 0 "Радиоэлектроника және байланыс" (130609 3 байланыс технигі)
141000 0 "Автомобиль жолдары  мен аэроалаңдар құрылысы және оны пайдалану" (141001 3 техник-құрылысшы)- оқу мемлекеттік тілде жүргізіледі;
130300  0 «Көлікте автоматика, телемеханика және басқару»
(электрмеханик)
051800 0 «Есепжәне аудит» (051803 3 бухгалтер-экономист);
1203000 «Темір жол көлігіндегі қозғалысты басқаруды және тасымалдауды ұйымдастыру»  (120303  3 техник, 120301 2 теміржол стансасы бойынша  4 және 5 кластар кезекшісі)
130400 0 "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру"
(130404 3 техник-программист)

 

2. Оқуға қабылдау тәртібі.
Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және оқуға түсу
емтихандарын өткізу
 
6.  ПКжК колледжінің қабылдау комиссиясы колледжде 2018 жылғы 2 сәуірінде қабылданған №25-п бұйрығы негізінде құрылды және өз жұмысын  2018 жылғы сәуірдің 2 –нен бастайды.
7. Колледждің қабылдау комиссиясының жұмысы оқушыларды аймақтардан қабылдау тәртібі құрылтайшылар мен келісім бойынша ұйымдастырылады.
8. Талапкерлерге оқуға қабылдау нәтижелері туралы мәліметтер күндізгі оқу бөліміне түсетіндерге тамыздың 30-на дейін, сырттан оқу бөліміне қыркүйектің 30-на дейін қабылдау комиссиясы колледждің сайтына және ақпараттық стендтерге орналастыру арқылы хабарланады.
9.Азаматтардың техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламасы бойынша, дайындықтарына қарап, оқуға түсуге берген өтініштері мына түрде іске асырылады:
- орта топ мамандарынан, күндізгі оқу бөліміне өтініштер маусымның 20 –нан тамыздың 20-на дейін, сырттан оқу бөліміне маусымның 20-нан  қыркүйектің 20-на дейін қабылданады.
10. колледжге оқуға түсушілер қабылдау өтінішіне  қоса:
- білімі туралы құжатының түпнұсқасын,
- № 86-У үлгі бойынша дәрігерлік анықтамасын (1 және 2 топтағы мүгедектер МСЭК-тің қортындысын),
- 3х4 мөлшерлі 4 суретін қоса тіркейді,
- талапкерлер колледжге келгенде төлқұжатын немесе оның орнына ауыстыруға болатын құжатын жеке өзі, ата-анасы не заңды өкілдер көрсетуі керек.
Шетелдік және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында тұрақты өмір сүруге құқығы бар мекенжайы бойынша тіркелгені жөніндегі белгісі бар құжатты:
Шетелдік – Қазақстан Республикасында шетелдік азаматтың тұрғылықтым екенінің орнын;
Азаматтығы жоқ адам – азаматтығы жоқ куәлігін;
Босқын – босқынның куәлігін;
Баспана іздейтін, адам – баспана іздеуші адамның куәлігін;
Оралман – оралман куәлігі немесе көші-қонкәртішкесін көрсетеді.
Оқуға түсушілердің өтініштері оқыту түрлеріне сәйкес жеке тіркеледі.
Азаматтар бірыңғай ұлттық тестілеудің (ҰБТ)  қорытындысы бойынша алған сертификатын,  немесе кешенді тестілеу сертификатын қоса тіркейді, олар оқуға түсу емтиханынан босатылады және конкурсқа 17 тармақта көрсетілген, шарттарға сәйкес жіберіледі.
ЕСКЕРТУ: Темір жол мамандықтарына түсушілер дәрігерлік анықтаманы темір жол емханасынан әкеледі.
11. Орта топ мамандарын даярлауда қарастырылған, техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламасы бойынша оқуға түсушілерге арналған қабылдау емтихандары:
 - жалпы орта мектептің оқу бағдарламалары көлемінде  орта жалпы білімі барлар үшін үш пәннен  (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық профилі бойынша пәннен).
- негізгі білімі барларға  - 2 пәннен  (қазақ немесе орыс тілі және орта негізгі білімінен профильдік пәннен) жүргізіледі.
- техникалық және кәсіптік, орта, жоғары білімі бар, мамандық бағытына сәйкес келмейтін білімі бар адамдарға, мамандықтың бағыты бойынша берілген пәннен емтихан өткізіледі.
Оқуға қабылдау емтихандары біілім беертін оқу орнында қазақ немесе орыс тілдерінде, оқуға түсушінің берген өтінішіне сәйкес жүргізіледі.
Техникалық және кәсіптік білім беретін мамандықтардың бағдары бойынша жалпы білім беретін пәндердің тізімі осы ереженің қосымшасына сәйкес анықталады.
- Мамандықтарға сәйкес профильді пәндер орта жалпы білімі негізінде "Радиоэлектроника және байланыс" мамандығына- физика; қалған  мамандықтардың барлығына  – математика;
Негізгі жалпы білімнің негізінде барлық мамандықтарға бағдарлы пән- математика.
Негізгі жалпы және орта жалпы білімі бар, азаматтарға оқуға түсу емтиханының түрі, 11 тармақта көрсетілген – тестілеу.
12. Емтиханға орынсыз себептермен келмеген талапкерлерге кейін тестілеуге қатысуға рұқсат етілмейді.
13. Техникалық және кәсіптік білім алудың оқу бағдарламасының білім беруі бойынша оқуға түскен, азаматтарға дайындық қарастырылған, орта топ мамандарына, қабылдау емтихандары:
- күндізгі бөлімге тамыздың 1-нен 28-не дейін,
- сырттан оқу бөліміне тамыздың 1-нен қыркүйектің 25-не дейін жүргізіледі.
14. Оқуға түсуге тапсырылатын емтиханды өткізу кезінде әр пәннен тестілік сұрақтар саны – 25 болады. Дұрыс жауап 1 баллмен бағаланады. 3 пәннен тестілеу өткізуге 2 сағат 15 минут (3 академиялық сағат) беріледі, 2 пәннен 1 сағат 30 минут (2 академиялық сағат) беріледі.
Түлектерге алған бағалары мен қорытындылары тестілеу аяқталған соң бірден мәлім болады.
15. Тест тапсырмасын (сұрақтарын) және пәндерден емтихандарды бағалау кезіндедаулы мәселелерді шешу және бірыңғай талаптарды сақтау, оқу түсушілердің құқықтарын қорғау мақсатында колледжде 2016 жылғы 26 сәуіріндегі  №33/п бұйрығы негізінде апелляциялық комиссия құрылады.
Апелляциялық комиссия құрамына төраға, хатшы, апелляциялық комиссия мүшелері енгізіледі.
Тестілеу немесе оқуға қабылдау емтихандарының пәндерінен алған қорытындыларымен келіспеген, адамдар, апелляцияға өтініш бере алады.
Апелляцияға өтініш апелляциялық комиссияға келесі күнгі сағат 13-ке дейін, тестілеу немесе қабылдау емтихандарының қорытындыларын жарияланғаннан кейін беріледі және апелляциялық комиссия өтініш берушінің қатысуымен бір тәулік ішінде қарастырады.
Апелляциялық комиссия шешімі комиссияның тізімдік құрамынан дауыстың көпшілігімен қабылданады. Дауыстардың тең болуы кезінде, комиссияның төрағасы шешуші дауыс беруге құқықты болады. Комиссияның жұмысы төраға және барлық комиссия мүшелері қол қоятын, хаттамалармен ресімделеді.
16. Қабылдау емтихандарын (тестілеуді) қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
3. Оқушылар құрамына қабылдау
17. Оқушыларды Павлодар көлік және коммуникациялар колледжіне оқуға қабылдау, конкурстық негізде берген өтініштері бойынша жүргізіледі.
Конкурс:
- ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижесі бойынша берілген, балл сертификатының негізінде;
-  Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орнына оқуға қабылдаудың кешенді тестілеу емтиханының нәтижесі бойынша берілген балл сертификатының негізінде;
-  колледжде жүргізілген тестілеуден алған (бағасының) балының негізінде жүргізіледі.
Негізгі жалпы білімі бар азаматтар үшін оқуға қабылдауға  конкурсты өткізу кезінде ҰБТ сертификаттарында немесе кешенді тестілеуде көрсетілген, Типтік Ереженің 11 тармағына сәйкес, пәндердің балл сомасы есептеледі.
Конкурста мынадай алған балдары бар түлектер оқуға қабылдауға қатыстырылмайды:
- екі пәннен 20 баллдан кем, жалпы негізгі білімі бар оқушылар;
- үш пәннен 30 баллдан кем, жалпы орта білімі бар оқушылар.
Конкурстың шарты білім алуға құқығын сақтауды кепілдік етуі керек және қабілетті және білім алуға дайын азаматтарды оқуға қабылдауды қамтамасыз ету керек.
Оқушыларды техникалық және кәсіптік білім алудың оқу бағдарламалары бойынша оқушылар қатарына қабылдау, орта буынды мамандарды даярлауды қарастыру жүргізіледі: 
1) күндізгі оқу бөліміне тамыздың  25-30-ы аралығында,
 2) сырттай  оқу бөліміне қыркүйектің 20-30-ы аралығында  жүргізіледі.
18. Колледж оқушылары қатарына қабылдау конкурспен қабылдау комиссиясының ашық мәжілісінде жеке мамандықтары, оқыту тілдері бойынша жүргізіледі.
19. Колледж білім беру басқармасына оқушыларды қабылдауды өткізу және ұйымдастыру бойынша оқуға қабылдауды өткізгеннен кейін белгіленген мерзімдер мен формаларға сәйкес жедел статистикалық есеп беріледі.
20. Қабылдаудың осы ережесінде кесімделмеген мәселелерді ПКжКК қабылдау комиссиясы түпкілікті шешеді.
4. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру арқылы кадрларды даярлауды ұйымдастыру.
Павлодар көлік және коммуникациялар колледжі жұмысшы мамандықтар бойынша құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:
- 120300 0 «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығының 120301 2 «4-ші және 5-ші кластардың теміржол стансасының кезекшісі».
- 130605 2 «Байланыс монтажнигі-кабельщик» 130600 0 «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығының
22. Бағдарламаға қатысушылар 11 сынып түлектері, оқу орындары түспеген тұлғалар, жұмыс іздеушілер арасынан өмірлік қиын жағдайда жүрген және аз қамтылған отбасы мүшелері, сондай-ақ азаматтардың өзге де категориялары, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген адамдар болып табылады.
23. Құжаттарды қабылдау жергілікті атқарушы органдармен білім беру саласындағы аудандық (қалалық) деңгейдегі берілген анықтамасы негізінде жүзеге асырылады.
24. Үміткерлер өтініш берген кезде оқу орнына келесі құжаттарды тапсырады:
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- білімі туралы құжат (аттестат, куәлік, диплом);
- № 86-У үлгі бойынша денсаулығы жаңдайының анықтамасын;
- санатты азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетілетінін растайтын анықтама (бар болған жағдайда);
 Жеке басын куәландыратын құжаттарды үміткердің өздері, не ата-аналары немесе заңды өкілдері тапсырады.
25. Топтарды іріктеу 20 маусым мен 30 тамыз аралығында жүргізіледі.
26. Бағдарламаға қатысушыларды қабылдауды  оқу орнының басшысы жүзеге асырады.
27. Тегін оқытылады.